Жаңа қазандықтар орнатылады

Ұзынкөл ауданындағы Федоров орта мектебіне жаңа модульдік қазандық орнатылады.  КВСрд-0,3 деп аталатын  жаңа қазандықты орнатып жатқан учаске бастығы Н. Ростовцевтың айтуынша,  басқа қазандықтардан айырмашылығы сол, қуаттылығы мен  үнемділігінде  екен.

92122734e7ba7dd5a3d6f59961665e20

Оған жағатын  тас көмір мөлшері бірнеше есе аз кетеді. Нәтижесінде бюджеттік қаражатты үнемдеуге болады. Қазандық  толық автоматтандырылған, екі жұмысшы істейді.Қазандықты мектептің ішінде емес, сыртқа,  мектеп ғимаратынан 50 метр қашықтықта, ал, басқару жүйесін ғимарат ішінде орналастыруға болады. Осындай қазандықтар  ауданның тағы 10 мектебінде орнатылады деп жоспарлануда.
 
Гүлназым САҒИТОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓