Темір тұлпарды мас күйінде тізгіндеген

Жыл басынан бері облыста көлік рөліне мас күйінде отырған 2 567 жүргізуші ұсталған. Мұндай мәліметті облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлімдейді.пьяный за рулем
Ағымдағы жылдың соңғы тоғыз айында облыс көлемінде 463 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 562 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алып, 87 адам жан тапсырған. Бұл көрсеткіш, мамандардың айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға төмен. Осы қайғылы жайттардың басты себепкерлерінің бірі – жүргізушілердің темір тұлпарды мас күйде тақымдауы. Көбі мұндай құқықбұзушылыққа бірнеше мәрте жол берген. Жол апатына әкелген оқиғалардың тағы бір себебі – қозғалыс жылдамдығын шамадан тыс асыру. Биыл көлік тізгінін «еркіне жіберген» 16 179 жүргізуші қолға түсіп, тиісті жазаларын алды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓