Мақтан тұтар Елбасым

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев небары 23-24 жылдың ішінде осы байтақ дала­да бұрын-соңды болмаған бүтіндей жаңа мемлекет – Тәуелсіз Қазақстан елі көш түзеді. Осы Ұлы көшті Н.Ә.На­зар­баев бастады.
Н.Ә.Назарбаев ел тізгінін аумалы-төкпелі, ең қиын кезеңде қолына алды. Тарихтың да, тағдырдың да сыны­нан абыроймен өтіп, халқын да қыл кө­пір­ден, жанып тұрған өрттен аман алып шықты. Азаматтың теңдесі жоқ осы қа­һар­мандығын, даналығын кейінгі ұрпақ­тың келешекке аңыз етіп жеткізетін­ді­гінде еш күмән жоқ.
Қазіргі таңда Елбасымыз қолына алған қазақ елін бүкіл әлем таниды.1
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – бүкіл әлемге сөзін өткізіп отырған кемеңгер саясаткер, кішігірім уақытта жаңа қала – Астананы тұрғызған, елдің даму бағытын дұрыс бағытта жүргізіп отырған, бірнеше қарқынды жобалардың иесі, болашаққа үлкен серпінмен бағыт ұстаған Ұлы тұлға.
«Ұлым дейтін ел болмаса, елім дейтін ұл қайдан шығады» демекші, Елбасының еліне, жеріне жасап жатқан еңбегін тек мақтанышпен ғана айта аламыз.
Елбасы әлемнің көптеген елдерімен тек достық, ынтымақтастық қарым қатынас орнатты.
         «Нұр жауар хақтан рахман иманды ерге» дегендей еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Президентіміз өзінің туған елін сара жолмен абыройлы бастап келеді. Елбасы қаншалықты абыройлы болса, халқы да сонша басшысын құрметтеп, мақтан тұтып келеді.
Елбасының өміржолынан үлгі ала отырып отанын, халқын сүюге ержүректілікке, патриоттық сезімге тәрбиелейді.
Елбасымыздың жыл сайынғы Халыққа Жолдауы бізге күш-қуат, халықтың әл ауқатын, экономиканың нығайтылуын, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарылатуын, халықтың компьтерлік  сауаттылығын жоғарылатуын, жастар үшін білімге деген құштарлығын кеңейтуін көздейді.
Қазақстан Халқына Жолдауы бұл нақты бағдар беріп, Қазақстандықтар үшін үлкен табыстарға жетуге итермелейді.
Еліміздің Тұңғыш Президенті күніне орай осы күн қарсаңында барлық қазақстандықтарды қазақтың тұңғыш президенті күнімен шын жүректен  құттықтай отыра, Елбасымызға зор денсаулық, қажымас қайрат ,ал еліме тыныштық  тілеймін.
 
 
Қостанай облыстық прокуратурасы
4-ші Басқармасының прокуроры                                                  А.Мирамова

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓