Әйелдер шағымы азаймай тұр

Қостанай облысында жыл басынан бері әйелдерге қатысты екі мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелген. Отбасының қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында өңір аумағында 14-16 қыркүйек аралығында өткен "Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы барысында мәлім болды.4c4c3fe9-9b2b-4a34-85b1-96cb84036b43Акцияның мақсаты –  әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, отбасының қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған шаралар туралы халықты таныстыру.
Акция аясында ЖПҚБ аға инспекторы полиция майоры Жұлдыз Қабенова қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталықта қызмет алушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында жұмысқа орналастыру, қайта оқыту, әлеуметтік көмек алу және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу мәселелері айтылды.
Мамандар жыл ішінде жүргізілген жұмыстар  нәтижесінде әйелдерге қатысты жасалған құқық бұзушылықтар 29% -ға төмендеген. 8 айда осы сипаттағы 2584 құқық бұзушылық тіркеліпті. ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша (отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер) 2611 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған, 786 азаматқа қатысты ерекше талаптар қойылды және 5371 қорғау нұсқамасы шығарылды.2951876d-4d02-4987-97af-24dd7aafa3adТәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты барлық мәселелер бойынша әйелдер мен балаларға арналған дағдарыс орталығының мына сенім телефонына хабарласу керектігін хабарлады: 8(7142) -54-06-32 немесе "102". Сондай-ақ "Прогресс катализаторы" ұйымының шұғыл желісі 8-776-394-77-88 нөмірі бойынша жұмыс істейді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓