Демалушылар есірткімен ұсталды
Қостанайлық полицейлер жағажайдан марихуана тапты. Демалушылардың бірі есірткіні пластикалық бөтелкеге салған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 22 тамыз күні сағат он бірлер шамасында қалалық жағажай аумағын патрульдеуге шыққан тәртіп сақшылары «ВАЗ-2110» көлігін тексереді. Тінту барысында полицейлер көліктің артқы орындығынан целлофанға оранған жасыл түсті өсімдік түйіншегін және пластикалық бөтелке тауып алады. Анықталғандай, пластикалық бөтелкенің ішінде марихуана болған. Көлік ішіндегі үш адамға қатысты іс қозғалды. Қазіргі уақытта соттық-химиялық сараптама тағайындалды. «Есіртікі затын заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.