Хан Кене – сахна төрінде

Қазақ хандығының 550 жылдық тойын лайықты түрде атап өту өзімізге сын. Тарихымызды терең зерделеп, өткенге бет бұрған шақта көрсетер дүние жетерлік екені белгілі. Қазақ халқының тарихы Қазақ хандығымен тікелей байланысып жатқанын көреміз. Ал хандық тарихы шын мәнінде тым тереңге кеткен. Ол ел басқарған хандардың, батырлар мен билердің есімдерімен тығыз байланысты.
 І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының XV маусымын қазақ ха
ндығының 550 жылдығымен байланыстырып, жазушы І.Есенберлиннің «Хан Кене» қойылымымен ашты.

IMG_3965

 

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Ілияс Есенберлиннің «Қаhар» романының желісі бойынша сахналанған ( Сахналық нұсқасын жазған ҚР еңбек сіңірген қайраткері С.Асылханов пен жазушы –драматург О.Бодықов) бұл қойылым оқиғасы шығарманың түп негізін, идеясын сақтай отырып қосалқы көркем бейнелермен толықтырылған. 

IMG_3972

Спектакльде Кененің хан сайлануы, көтеріліс кезіндегі іргелес жатқан елдермен дипломатиялық қарым-қатынасы, жорықтар, аяулы жары Күнімжанның, жалпы қазақ әйелдерінің басына түскен ауыртпашылық, зорлық-зомбылық, өмірінің ақырғы сәттеріндегі опасыздық көрініс тапқан. Аталмыш спектакль бұрын театр сахнасында сахналанған болатын. Бірақ бұл жолы өзгертіліп, қоюшы-режиссеры арнайы Астанадан шақыртылды. Сәулебек Асылхан ҚР еңбегі сіңген қайраткері, қазақ ұлттық университетінің деканы.
Хан Кенені ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қонысбек Бегайдаров:
–Бұл өзі 12 жылдан соң қайта тірілген қойылым. Бұрын да Кенесары ханның рөлін мен сомдаған едім. Сол жолы да Әшірбек Сығай ағамыз оң бағасын берді. Енді, міне, араға жылдар салып, қазақ хандығының 550 жылдығына орай “Хан Кене” қайта сахналанып отыр. Режиссер басты рөлді маған сеніп тапсырды. Бұл маңызы зор, жауапкершілігі жоғары қадам. Кенсарыны ойнау кез келген актердің арманы деп ойлаймын. Образды жетік зерттедім. Ел басқарған ханның ішкі күйзелісін, елге деген сүйіспеншілігін, ойын жеткізуге тырыстым. Егер сәл де болса көрермен жүрегіне әсер етіп, жол тауып жатсам мен үшін бұл мақтаныш.

IMG_3915

Мәрзия  Есқазина, көрермен:
–Спектакльден жақсы әсер алып барамын. Өзіме ұнады. Қойылым патриотттық сезімге тәрбиелейді, елін, жерін сүюге деген сезім пайда болады екен. Кенесарыны тек батыр ғана емес, ол хан болған соң қайраткер, ойдың адамы етіп көрсеткен. Жалпы образын аша білген сияқты. Қойылымда көрініс алған сатқындар, елін, жерін қара басының қамы үшін пайдаланғандар, өз құлқынын жоғары қоятындар қай заманда да болған. Хандар мен батырлар солардан зардап шеккен. “Ұры алыстан келмейді” деген сөз бар. Бірақ ел іштей мықты болса, сыртқы жау ала алмайды. Режиссер осыны көрсете білген. Мұндай қойылымдар біздер үшін өте қажет.

IMG_3911

 
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓