ТАЗАЛЫҚҚА ӘРКІМ ДЕ ЖАУАПТЫ
Бүгіндері облыста жаппай тазалық шаралары өтуде. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов барлық аудан-қала әкімдеріне 8-9 қазанда жаппай сенбілікке шығуды тапсырған еді. Облыс орталығында да бірлікті шараға білек сыбана кіріскендер қарасы қалың болды.


Сенбілік барысында көшелер, көпқабатты ғимарат аулалары, бульварлар мен саябақтар іші тазаланды. Тазалық жұмыстары алдағы уақыттарда да жалғасын табатын болады. Тазалық – жиналған жерде емес, шашылмаған жерде екенін ескерсек, қаланың көрікті болуы өзімізден басталуы керек.
Жандос ЖҮСІПБЕК
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ