СОТ КАБИНЕТІ
«Елбасының сот органдары жұмысына жаңа технологияларды қолдану халықтың сот жүйесіне деген қолжетімділігі мен барынша ашықтыққа қол жеткізуді арттыру туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатымен Жоғарғы Сот тұрғындар үшін сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылдан бастап заманауи технологияларды сәтті енгізіп, жүзеге асыруда.
Мұндай жаңашылықтың бірі «Сот кабинеті» сервисі болып табылады. Бұл сот органдары қызметіне бір терезе жүйесімен қол жеткізудің онлайн түрі.ҚР Жоғарғы Сотының сайтында «Сот кабинеті» модулі құрылған, сол арқылы жеке және заңды тұлғаларға және олардың заңды өкілдеріне соттарға электронды формаларды толтыру арқылы электронды құжаттар мен іс материалдарын жолдау мүмкіндігі қарастырылған.
Бүгінде сот органдарымен электронды хат алмасу мүмкіндігі туындап отыр, бұл заңды, жеке тұлғалармен қатар мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарға да қолжетімді. Бұл үшін электронды сандық қолтаңба болса жеткілікті.
Бұл модулде «Сот кабинеті» сервисі арқылы «сот органдарына хат жолдау» механизімі жүзеге асырылған. Хат алмасуға тиімді тәсіл. Сонымен қатар барлық уәкілетті мемлекеттік органдарға әкімшілік құқық бұзушылық істер материалдарын электронды форматта жолдау мүмкіндігі де қарастырылып отыр.
Бүгінгі күнде Қостанай облысы бойынша сот кабинеті арқылы 400 ден астам әкімшілік құқық бұзушылық туралы электронды материал, 14 мыңнан астам талап арыз түскен. Бұл түскен жалпы шағымдар санының 30 пайызын құрайды.

Онлайн қызметті пайдаланудағы ең басты ерекшелік бұл сотқа шағым жазып оны тіркеуде уақытты үнемдеу. Сервисті қолданушылар үйде немесе жұмыс орнында отырып интернет желісі арқылы сотқа талап арызын, сот отырысы хаттамасын алу арызын жолдай алады. Соынмен қатар мемлекеттік баж салығын төлеуге,сот құжаттарын қарауға, сот құжаттарын басып шығару мүмкіндігіне ие бола алады.
Облыстық соттың баспасөз қызметі