Қостанайлық «ДЕП» ресейліктердің қара тізіміне енді
Челябі облысы бойынша Ресей тұтынушылық бақылауы басқармасы сауда айналымынан шығуы керек деп тапқан ет және сүт өнімдері қатарына Қостанай облысындағы «Деп» ЖШС-нің өнімі кірді.
Бірнеше ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің өнімдерінен бес мыңнан астам сынама алынып, зертханалық тексеріс жүргізіліпті. Қорытындысында сиыр сүтінің майлы-қышқыл құрамы талапқа әйкес болмай шыққан. Тіпті өнімдерге сүттік емес шикізаттар мен өсімдік майы қосылғаны анықталыпты.
Мұндай жасанды өнімдерді сауда айналымына шығарғандары үшін тиісті кәсіпорындар 140 мың рубль көлемінде төлеуі керек деген шешім шығарылыпты.
Онға жуық сапасыз сүт өнімдерін шығарушылар ішінде, ресейлік өндірушілерді қосапағанда, Татарстан, Башқұртстан республикалары бар. Қазақстан Республикасынан Қостанай қаласында орналасқан «ДЕП» ЖШС-і «қара тізім» қатарынан табылып отыр.