Қазақ хандығына-550 жыл «Ұлы Дала елі – бірлік пен келісім мекені»
Міне, осындай тақырыпта облысымыздағы Челябі мемлекеттік университеті Қостанай филиалында этносаралық толеранттықты қалыптастыруға және дамытуға бағытталған өңірлік семинар болып өтті.
. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жиын аясында қазақ халқының тарихын зерделеу арқылы елдегі бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған ұсынымдар әзірлеуді мақсат тұтып отыр. Семинарға мемлекеттік орган өкілдері, қалалар мен аудандардың ішкі саясат бөлімінің басшылары, ЖОО және орта арнаулы оқу орындары басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ҮЕҰ, саяси партиялар, этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысты.
Жиынды облыстық ішкі саясат басқармасының жетекшісі Жанділда Мақанов ашты. Сол секілді семинар барысында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Еуразиялық зерттеулер» кафедрасының профессоры З..Қабылдинов, ҚР Президентінің жанындағы ҚӘЗИ бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдардың докторы Ю.Булуктаев «Қазақстан- бейбітшілік пен келісімнің бірегей елі», «Қазіргі қазақстандық қоғам дамуының саяси этно-әлеуметтік үдерісі» тақырыптарында баяндама жасады. Семинар бағдарламасы бойынша этносаралық келісімді нығайту мәселелері бойынша пленарлық мәжіліс, диалог алаңдары өтті. Жиын соңында этносаралық қарым-қатынастар саласындағы мәселелер бойынша ұсыныстар әзірленді.
Гүлназым САҒИТОВА
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ