«РАЛИНАНЫҢ» ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҒЫ

Ас – адамның арқауы. Қазіргі таңда қаланың қай дүкеніне кірсең де халал өнімнің белгісі бар тауарлар бірден көзге түседі. Адам денсаулығына зияны жоқ делінетін бұл өнімдер бүгінде тұтынушылар тарапынан мол сұранысқа ие. Демек, аталмыш өнімдердің елімізде көптеп тарап жатқанын көрсетеді.

IMG_5422
 
IMG_5449Қостанайда толықтай мұсылман тағамдарын ұсынатын ресторандар мен дәмханаларды кездестірмегенбіз. Ал «Ралина» – халал тағамдарын ғана жасайтын қаладағы тұңғыш мейрамхана. IMG_5427
IMG_5433
IMG_5423Жағымды жаңалықтың жай-жапсарын білу үшін мейрамханаға ат басын тіреп едік.
«Ралинаның» иесі Арман Ахметчин мұны бұрыннан жоспарлап жүргенін айтады. Жауапкершілігі мол бастамаға өз командасын жақында жасақтап болыпты.IMG_5463
– Әуел баста әзірбайжандық асхана ашқым келді. Бәрі бірден болып кетпейді ғой. Халал тағамдарын өндіремін деген кәсіпорындар немесе мейрамханалар мойнына көп жүк артып алады. Себебі, келушілерді таза аспен қамтылуы саған байланысты. Жалпы, халал асты өндіру – ар-ожданның жұмысы. Халал өнім өндіретін болсаң, істеген ісің де, ойлаған ойың да адал ниетті болуы тиіс. Міне, сондықтан да Қазақстан Республикасы Президенті аспазының шәкірті Эльвин Исаевты өзімізге шақыртып алдық, – деп атап өтті өз сөзінде жас кәсіпкер.
Эльвин Исаев – тамақ дайындау ісін жетік меңгерген. Бакулік азамат. Ол Қазақстанға бұрыннан келгісі келіп жүргенін айтады. Сонау Әзірбайжаннан келгендегі негізгі себеп — қазақ мәдениетімен тереңнен танысу Һәм тіл үйрену.IMG_5542
– Маған Қостанай ұнап қалды. Ең бастысы, мұндағы көшелердің тазалығын айтып өтер едім. Адамдар бір-біріне жылы шырай танытады. Біздің ұжымның басым көпшілігі – жастар. Олармен әлі жақын араласып кете қойған жоқпын. Тағам жасау өнерін сан саласын меңгеріп болдым дегендерді көрмедім. Дегенмен, үйренгенімнің пайдасы көптеп тиіп жатыр. Мен әлемнің көп елдерінде болдым. Енді қостанайлық аспаздармен бірге жұмыс істейтініме өте қуаныштымын, – дейді Эльвин.
Палаудың жүзге тарта және кәуәптің елу шақты түрін жасай алатын Эльвин Исаев жас аспаздарға көмегін тигізіп, ақыл-кеңестерін айтып жүр.IMG_5474
– Болашақ аспаздар таңдаған кәсіптерінің қыр-сырын бірте-бірте шыңдайды. Біз тағам құрамына сиырдың, қойдың және тауықтың етін пайдаланамыз. Сондай-ақ, кәуәпті өзгеше дәмдейміз, оны шоққа күйдіру арқылы жасаймыз. Бұл аса ұқыптылықты қажет етеді. Жастар тағам пісіруді ғана емес, безендіруді және оны ұтымды ұсынуды үйренуі керек. Сонда ғана аспаздықтың баспалдағына міндім деп айтуға тиісті, – дейді тәжірибелі аспаз. 
«Ралинада» өзіміз сатып алатын қара мал етінен тұшпара, мәнті, су самса, ет турамасы, котлеттердің түрі, фрикадель, тефтели секілді жартылай дайын халал өнімдері жасалынады. Қуанатыны сол — жастар ұлттық тағамдарға баса көңіл бөліпті. Жас команда алдағы уақытта ата-бабамыз пайдаланып келген жент, талқан, сөк секілді құнарлы азықтарды әзірлейтін болады.IMG_5488
Қазіргі кезде «Халал» индустриясының дүниежүзілік желісі қалыптасты. Халал ас жеудің пайдасы, оның қоғамға тигізер әсері, түрлі аты жаман аурулардың алдын алу үшін харам етілген нәрселерді пайдаланбаудың маңызы зор.  Арман Ахметчин сынды жас кәсіпкеріміздің Қостанайдағы бұл бастамасы көпке үлгі боларлықтай.
 
Қасқырбай Қойшыманов

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓