8 жасар ойын баласы інісін оттан құтқарды

Қарабалық ауданына қарасты Веселый Кут ауылында 8 жастағы бала өртенген үйден 3 жастағы інісін аман алып шықты. Жұмысбасты ата-аналары ағайындыларды үйге қамап кетуді әдетке айналдырған көрінеді. Қызыл жалын күш алғанда, ұлдардың үлкені теледидар қарап, кішісі кіреберісте ойнап отырған. 
Түтіннің иісін сезген ағасы ойланбастан бауырын алып, ашық тұрған терезеден шығып үлгереді. Осы уақытта көршілері де байқап, көмекке келеді. Оқиға орнына аудандық ТЖБ қызмектерлері келіп, үйдегі отты сөндірді. Қазіргі уақытта, оқиғаның себеп салдары анықталуда.    b20ab6a37b3e48afbc568ffc45ae3de1   

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓