Сенбілік өтеді
Айналаны таза ұстау әркімге міндет. Сондықтан ұдайы сенбілік ұйымдастыру жақсы бір дәстүрге айналмақ. Облыс әкімі А.Мұхамбетов алдағы 8-9 қазан күндері облыс бойынша жалпы сенбілік өткізуге үндеді.
-Мұндай игі істен ешкім қалыс қалмауы тиіс,-деп атап көрсетті өңір басшысы,- Бірер сағат өз аулаларының маңын күл-қоқыстан тазартқанның ештеңесі жоқ. Қайта көктемге салыс жұмыс азаяды. Оның үстіне өзіміз тұрып жатқан қаланың тазалығына айрықа мән беру отансүйгіштіктің белгісі. Өткен жолғы сенбілікте Қостанайдағы алпыстан астам мекеме тазарту жұмыстарына шықпай қалған. Бұл жолы ондайды болдырмау қажет.
Облыс әкімі өз орынбасарларына сенбілікке қатысу мүмкіндігін толық қамтамасыз етуді тапсырды.
Айбек КӘДІРҰЛЫ