«Тіл мерейі» республикалық байқауынан бас жүлдемен оралды

Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамыту республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен өткен қазақ тілінен сабақ беретін мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушылары арасында республикалық  «Тіл мерейі» байқауы өтті.
Байқау көрікті Көкшедегі Щучинск қаласы «Балдаурен» республикалық  оқу-сауықтыру орталығында өтті. конкурс_048
Байқаудың негізгі мақсаты – мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру және оны насихаттау, мемлекеттік тілді кеңінен қолдануға қол жеткізу, қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылардың қоғамдық мәртебесі мен кәсіпқойлығын, әдістемелік шеберлігін шыңдау болды. Бұл республикалық байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 14 оқытушы қатысты.
Байқау үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезең – өзін-өзі таныстыру. Бұл кезеңде қатысушылар креативті түрді, заманауи технологияларды падалана отырып, өздерінің кәсіби шығармашылық жолын көрсетті. Ал екінші  кезеңде олар электронды портфолиоларын қорғады. Портфолио дегеніміз – мұғалімнің еңбек ету жолында қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы, демек педагогикалық қызметінің нәтижесі. Соңғы сынақ – сабақ үлгісін көрсету. Байқау ережесі бойынша сабақ тақырыптарын жеребе арқылы таңдап алып,  30 минут ішінде сабақ үлгісін көрсету.  Біліктілік пен білім бәсекеге түскен байқау екі күнге созылды.фото_Сармантаева
Біздің әріптесіміз Айнұр Сармантаева Қостанай облысы  абыройын қорғаған болатын.  «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бірлікпен, ұйымшылдықпен істелінген еңбегімізді Айнұр Еркінқызы қажетті деңгейде көрсете білді. Нәтижесінде, артылған ауыр жүкті абыроймен ақтап шығып, кеншілер қаласына бас жүлдемен оралды. Алдағы уақытта осы бас жүлдеге лайықты қызмет атқарып, Рудный қаласының абыройын одан да жоғары көтеруге тырысамыз.
                                                              
Рудный қаласы әкімдігінің «Қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ әдістемелік кабинетінің басшысы  Жанна Джамбурчина 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓