Кастинг өтеді

Қостанайда жаңа фильмнің кастингі өтеді. Бұл туралы жуырда жарыққа шыққан «Аға» экшн-боевигінің режиссері әрі сценаристі Фархат Серкебаев айтты."Аға" фильмі 13 мамырдан бастап еліміздегі барлық кинотеатрлардан көрсетілген болатын. Қостанай қаласындағы «Зодиак синема» кинотеатрында фильмнің арнайы тұсаукесері өтті. Бұл фильмде "Қостанай облысы жастарының Алтын кітабы" жобасының лауреаты Азамат Ибраев басты рольдердің бірін сомдағанын атап өтейік. Кинотеатрлардағы қаралым саны бойынша Қостанай облысы екінші орын алыпты. Бірінші орынға Павлодар қаласы шықты. Фильм сол Павлодарда түсірілген болатын.
Қымбат Досжан

You may also like...

1 Response

  1. Маржанкул айтты:

    фильмге тусу бир арманым еди кемпирдин роли болса ойнар ем. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓