Еңбек ерін құттықтады

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов атақты механизатор, тың ардагері, Социалистік Еңбек Ері, Қостанай облысының және Қостанай қаласының Құрметті азаматы Кәмшат  Дөненбаеваны Халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

IMG_5186

Халқымызда «Үлкенге – құрмет» деген өнеге бар емес пе. Өңір басшысы еңбектің арқасында есімі еленген ел анасының үйіне арнайы барып, сый-құрмет білдірді. Аяулы апамыздың дастарқанына балалары да жиналған екен. «К-700» сияқты алып тракторды меңгерген алғашқы қазақ қызының әңгімесін көпшілік ұйып тыңдады.

IMG_5241

 

IMG_5242

-Біз сізді бала кезімізден білеміз. Еңбегіңізге бас иеміз. Барша қазақ елінің мақтанышына айналдыңыз. Сондықтан өзіңізді құттықтау үшін арнайы келіп отырмын. Өнегелі өміріңіз жас ұрпаққа үлгі болып, аман-есен жүре беріңіз, – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.
 

 

IMG_5288

IMG_5293

 

IMG_5290

Еңбек жолын Ұзынкөл элеваторында бастаған Кәмшат Дөненбаева әр жылдары тракторис, механизатор болып жұмыс істеді. Еңбегі жанып, КСРО Жоғарғы Кеңесіне қатарынан үш мәрте депутат болып сайланды. Мемлекеттік наградалары мен марапаттары қаншама. Абзал ана бүгінде, асыл әже, ардақты енеге айналған. Төрт баласын жеткізіп, ұл-қызынан тараған немере-шөберелердің қызыны көріп отыр.

IMG_5298

– Жас болсаң да бас болып келіп жатырсың. Бұл сенің кішілігің емес, кісілігің. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Елдегі болып жатқан оқиғалардан хабардармыз, тілекші болып отырамыз. Қазір елдің ықыласы егінде. Сондықтан астық мол болып, ырыздық-несібемізді уақытында жинап алайық, – деді Кәмшат Дөненбаева.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓