Бәрі басшыға байланысты немесе кеншілер қаласы – Рудныйдағы игі істер

information_items_22794Биылғы жылдың маусым айында Бақытжан Ғаязовтың Рудный қаласының әкімі болғанына 3 жыл толды. Осы аз ғана уақытта қала бойынша қыруар жұмыс атқарылды.
Егемендік алған жылдан бастап тоқтап қалған өндіріс орындарын қайтадан қалпына келтіру, маңызы зор нысандарды іске қосу, елімізге қажетті тауарлар өндіре-тін кәсіпорындарды пайдалануға беру, оның жұмысын жандандыру, бүкіл қаланың іші-сыртын қалпына келтіру – айта берсек үш жыл үш ай ішінде ширек ғасырдың жұмысы атқарылды десек болады.  Соның айғағы ретінде өткен жылдың қорытындысы мен биылғы жылдың жеті айында атқарылған жұмыс көлемі көңіл көншітеді.
Өткен жылы өнеркәсіп өнім-дерін өндіру көлемі 268 млрд. теңгеге жетті, бұл  мұның алдындағы жылмен салыстырғанда 82% артық.
Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 54,3 млрд. теңге, оның 95% жергілікті өндірістік кәсіпорындар мен халықтың қаражатынан құралған. Өндірісті мұн-дай қаржыландыру экономикасы күшті дамыған елдерде  ғана болады.
Сапалы тұрғын үй салынып, 28,0 мың шаршы метр пайдалануға берілді. 128,2 мың адамы бар қаланың қызметкерлері мен жұмыскерлердің орташа айлық жалақысы 104843 теңгеге жетті.
Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарлама бойынша 272 млрд. теңгеге  бағаланған он бір жоба  қолға  алынып, оның бесеуі нақты жүзеге асырылды.
Кіші және орта бизнес жоғары қарқынмен дамуда. Талай жұмыс орны ашылды,  өткен жылдармен салыстырғанда жұмыссыздар саны алты есеге азайып, 0,02% тұрақтандырылды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың 82,8% балабақшаға орналастырылса, мектепке дейінгі дайындыққа 100% бүлдіршін қамтылды. Оқу бітірген балалардың 37-сі үздік аттестат, 6 бала "Алтын белгі" алды.
Қала тұрғындарының тілегі бойынша 20 жылдан бері тоқтап тұрған коммуналдық монша іске қосылып, халықты бір қуантты.
Бұрын болмаған жерасты жа-бық 100 машиналық автокешені пайдалануға берілді. Кешенеге кіретін  машина жуу, ТҚС, дүкен, паркте барлығы 23 адам жұмыс істеуде. Уақыт келе дәмхана ашылып,  жұмыс орны көбейді.
"Казшинсервис"  ЖШС-де  авто-доңғалақтарын қайта өндеу және қалпына келтіру зауыты салынуда. Жаңадан "Достық" саябағы пайдалануға берілді.
Тек Қостанай облысын ғана емес, Солтүстік, Батыс Қазақстан облыстарын  цементпен қамтамасыз ететін зауыт биыл пайдалануға берілді. Сонымен қатар Рудный қаласынан Қостанай қаласына дейін екінші темір жол желісін салу көзделіп отыр.
Бірде алдын, бірде артын беріп жататын құбылмалы мына заманда көпшіліктің тілін тауып, жасы үлкендерге іні, кішіге аға болып, дүние танымы зор, білетіні мол, ақ пен қараны көкірегімен ажырата білетін қала әкімі Бақытжан Темір-ұлы аянбай еңбек етуінің арқасында кеншілер қаласының әлеу-меттік-экономикалық даму көрсет-кіші бұрын болмаған биікке жетті. Қостанай облысы бойынша 20 ау-дан мен қаланың арасында бірін-ші орынға шықты. Сонымен қатар биылғы жылдың жеті айында да бірінші орынға Рудный қаласы ие болды.
Егер атқарылған жұмыстардың маңыздылығы мен тұрақтылық сипатына қарап бағаласаң, республика бойынша да бірінші орында. Себебі, Қостанай облысы өнеркә-сіп өнімдерін өндіру бойынша үлкен аймақ. Республика бойынша өндірістік өнімнің дені кеншілер қаласының кәсіпорындарында өндіреді.
Қазіргі кезде қаланы жаңа үлгі-мен көркейту үшін барлық бағытта жұмыс атқарылуда. Ленин, Октябрьдің 50 жылдығы, Сандригайло, М.Горький, Космонавт көшелерін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары аяқталып, көше бойын көгалдандыру, адам жүретін тротуарларға төсемтастар төсеу, жаңа үлгідегі шамдар орнатылу, ағаш отырғызу толығымен аяқталды.
Биылғы жылы қала бойынша 20 лифт күрделі жөндеуден өткі-зілді, келесі жылы барлық лифтер жұмыс істейтін болады.
Қала халқын азық-түлікпен қамтамасыз ететін базарлардың жағдайлары қолайсыз болатын, ертемен тауарларын маңайдағы қоймалардан арбамен тасып, сатып болғаннан қалған тауарларын кешке қайтадан қол арбамен қоймаға апарып, сақтайтын. Азық-түлік, өнеркәсіп тауарлары ашық алаңда сатылатын.
Қазір жаңа әкімнің нұсқауымен бұл базарлар күрделі жөндеуден өткізілді, барлық бутиктер көз тартады. Аумағы  темір қоршаумен қоршалған, барлық санитарлық талаптарға келтірген, заңды түрде мәдениетті сауда жасауға көші-рілді.
Жексенбі күндері орталық базарға маңайдағы аудандар мен ауылдардың шаруа қожалықтарынан саудагерлер келіп, қолында бар тауарларын өткізіп кетеді. Бұлардың тауарлары 10-15 % арзандау сатылады. Әсіресе, шаруа қожалықтары (Садчиков) 1 литр сүттің бағасын  90 теңгеден сатса, еттің бағасын  850-950 теңге, сары май 900-1000 теңге. Халық әбден риза.
Базар – қала халқының күнкөрісі, қосымша табыс көзі, халыққа жұмыс орны болып табылады. Әсіресе қыркүйек, қазан айларында базарларда жұмыстың қызған кезі, берісі саяжайлар мен жақын маңдағы ауылдар, әрісі оңтүстік облыстар, шетелден келетін тауарлардың саудаға түсетін кезі. Қала халқы  қысқа қажет тауарларын тек базарлардан ғана алады. Әрі арзан, әрі сапалы.  Базар жұмысына ерекше мән бере қараған қала әкімі саяжай – бау-бақшаларына қатынайтын автобус жұмысына қатаң көңіл бөледі.
Қазір қысқа дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Ескі қаланың орталығында орналасқан, салынғаннан бері жөндеу көрмеген №15 қазақ орта мектебі жергілікті бюджеттің есебінен күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді, мектептің іші-сырты жайнап тұр.
Жаңа шағын аудандар мен Железорудный станциясын және Юбилейный поселкесін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 20 шақырым болатын құбыр салып, бұл нысан жақында пайдалануға берілмек. Мұның сыртында Железорудный стансасын жылумен қамтамасыз ететін төрт қазандық пайдалануға беруге дайын.
Қиындық десе, ширай түсетін Бақытжан Темірұлы еңбек тәртібін қатаң бақылауға алып, адамдарды ұқыптылыққа, үнемділікке, кісілікке, кішілікке тәрбиелей отырып, үш жылдың ішінде өзінің ұйымдастырушылық қабілетін таныта білді. Рудный қаласын танымастай өзгертіп, мәдени-тұрмыстық, әлеуметтік-әкімшілік ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізіп, қаланың  сәулетін де, дәулетін де биіктете  түсті.  Оған  дәлел,   қыркүйектің басында Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев "ССКӨБ" комбинатының 60 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзінде: "Рудный бұрынғыдан да оң өзгерістерге енген қала – сән-салтанаты  көз тартады, адамдардың көңіл-күйін көтереді. Қала әкіміне ризашылығымды білдіремін", – деген болатын. Бұл Елбасының қала әкімі  Бақытжан Ғаязовқа берген шынайы бағасы еді.
Тұрлыбек СҮЛЕЙМЕНОВ,
тыл ардагері.
Рудный қаласы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓