Қарттарға құрмет көрсетілді

Жанкелдин ауданда “Халықаралық қарттар күні”  ерекше аталып өтілді. “Ақ бата” шатханасында бас қосқан қариялар бір-бірін  мерекелерімен құттықтады.карттар
Мерекелік ақ дастархан басына жайғасқан еңбек ардагерлерін аудан әкімі А.Кенжеғарин төл мерекелерімен құттықтап, жүрек – жарды тілегін жеткізді. Сондай – ақ, 70 – 80 жасқа толған мерейтой иелерін алғыс хаттарымен марапаттады. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Бірмағанбетов, Торғай ауылының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ж.Бәкіров өздернің игі тілектерін жеткізді. Мерекелік дастархан басында спорттық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді. Көңілді кештің себепкері болған ата – әжелеріміз ән шырқап, би – биледі. Мерекенің жақсы өтуіне мұрындық болған “Сенім-Вера” қоғамдық ұйымы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне және Ш.Уәлиханов атындағы мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓