Тәуелсіздік
Мәшһүр болды бар әлемге есімім.
Қазақ елі болашаққа жол басшы
Ұлт ұлыстың жатсынбаған ешбірін.
Тәуелсіздік байтағым сен байлығым,
Арқа сүйер қорғаным сен айбыным.
Көк байрағым көк жүзінде желбіреп
Шетсіз, шексіз бола берсің айдының.
Тәуелсіздік таңы атқанда арайлап,
Жүре алмаспын енді ешкімге қарайлап.
Тілім – дінім, елім – жерім тәуелсіз
Қазағымның жүзінде тұр нұр ойнап.
***
Тәуелсіздік – сан ғасырлар аңсап өткен бабалар,
Армандаған сан арыстар, ақылгөйлер, даналар.
Ақ пен қара, күн менен түн, аспан мен жер арбасып
Жолын тосып сағынышпен сарғайған сан саналар.
Тәуелсіздік – осы бір сөз мың ұғымды мәнді еткен,
Қуат беріп барша жанға қайрат күшін селдеткен.
Тәуелсіздік, тәуелсіздік – мәнді асыл сөз мағыналы
Баққа бөлеп мол бақыттың бесігінде тербеткен.
Тәуелсіздік – теңдесі жоқ адамзаттың арманы,
Түпсіз теңіз, шетсіз дала, шексіз аспан арналы.
Тәуелсіздік – ерліктің де, өрліктің де нышаны
Тау толағай арқа сүйер әр пенденің қорғаны.
Тәуелсіздік, тәуелсіздік – мәңгілікке қайталан,
Тағзым етем тарихыңа өзіңменен жай табам.
Тәуелсіздік, тәуелсіздік – тіршіліктің тұғыры
Төрімде тұр әрқашанда қуанышпен айтам ән!
Мұрат Жүнісұлы.