Ұлағатты ұстаздар салтанаты

Облыс орталығындағы «Тобыл» мейрамаханасына өңіріміздің әр аймағынан  жиналған  жүз елуге жуық ұстаздар қауымы өте бір ерекше салтанатты мерекелік күйде болды. Оның себебі жоқ та емес-ті. Өйткені  қазан айының алғашқы күндерінде  педагогтар  қауымы өздерінің кәсіби мерекесін тойлайды.

IMG_3397

– Әрбір ұстаздың еңбегі еленіп, марапаттарға ие болып жатса, неге оның мерейі  үстем болмасқа. Мектебіміз жаңа, 2008 жылы  пайдаланылуға берілді.   Мектебіміздің ұжымы негізінен жас мамандар. Барлығы да жаңа инновациялық оқыту технологиясымен жұмыс істейді. Мысалы,  биология пәнен Толқын Әбдірахманова, информатикадан- Мәдина Сейітова, Абай Нурекин, физикадан Эльмира Мәдиева, географиядан Жаңагүл Әбдікәрімова, бастапқы әскери даярлықтан-Орал Сейдағалиев сынды жас педагогтарымыз сабақ береді.    Оқушы балаларымызға  сапалы білім беріп отырған  осындай жас ұстаздарымыздың қай-қайсысының болмасын жылдан жылға   біліктіліктері артып келеді,- деді марапатқа ие болған  Жанкелдин ауданы Милісай  ауылындағы С. Мәуленов атындағы мектептің директоры Орынкүл Нурекина
       Салтанатты кешке жиналған аяулы да мәртебелі, республикалық, халықаралық деңгейлерде  жетістіктерімен көріне білген  мұғалімдерімізді  облыс әкімінің орынбасары  Марат Жүндібаев құттықтады. Облысымыздың педагогтарына арналған  облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың құттықтау хатын оқып берді.

IMG_3393

-Елімізде  білім саласы  Елбасымыздың үнемі назарында, мемемлекет тарапынан  бөлінетін қаржы да қомақты. Облыстағы педагогтардың әлеуеті қуатты. Оны оқушылардың әр деңгейде көрсеткен  табыстарынан-ақ аңғаруға болады. Сол секілді  біздің  білім саласында  білікті ардагер ұстаздарымыздың еңбектері, олардың мәртебесі  де мерейлі. Оларға мың алғыс. Үстіміздегі жылы жаңа оқу жылында  мектептерімізге бес жүзден астам жас маман келді. Сондықтан барлықтарыңызды осындай айтулы мерекелеріңізбен құттықтаймын. Еңбектеріңіз қашан да үстем, абыройлы болсын,-деді өзінің құттықтау сөзінде облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев.  

IMG_3400

    Содан кейін облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев  өңірдегі   мектептер  мен арнаулы,  орта буын оқу орындарының ең үздік деген  жиырма мұғалімдері,   колледж  жетекшілері  мәселен, Әулиекөл ауыл шаруашылық колледжінің оқытушысы Жансүгіров Жаролла,  Қостанай педколледжінің оқытушысы Дәметкен Қапенова,  Меңдіқара ауданының ұстазы Айгүл Қабдырахметова,  Қостанай қаласы орта мектебінің директоры Б. Шұғаева   және тағы басқа ұстаздар облыс әкімінің  грамоталарымен марапатталды.  Салтанат соңы мерекелік дастархан  мен концерт бағдарламасына ұласты.
 
 
Гүлназым САҒИТОВА

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓