Халықтың жоғын жыр қылды

Бүгін Ахаң атындағы ҚМУ-нің акт залында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналып облыстық жас ақындар айтысы өтті. Жас айтыскерлер тақырыпқа сай шымыр шумақтар өріп, мүмкіндіктерінше өзге де өзекті қоғамдық тақырыптарды өлең етті. Арқалық қаласы мен Аманкелді ауданының және облыс орталығының жас өрендері өнер көрсетті.
IMG_5106Айтыскерлердің өнеріне халық ақыны Әсия Беркенова, көрнекті ақын-жазушылар Ғұмар Ахметчин, Нағашыбай Мұқатов және Ақылбек Шаяхметов қазылық жасап, лайықты бағаларын берді.IMG_5115
 
 
 
Айтыскерлерге көрермендер қиқулап қолдау көрсетіп, қолпаштап отырды. Жұп-жұп болып сынға түскен айтыскерлердің ұпайы ортақ бағаланып, жүзден жүйрік болып жергілікті айтыскер Бақытжан Әлкебаев оза шапты.

waZtrLJtjmI

Екінші орынға бірден екі ақын ие болды. Олар – ҚМУ-нің студенттері Дастан Беков пен Нұрсұлтан Қасым. Үшінші орынға ҚМПИ-ның студенті Нұрия Ақбабақызы мен Арқалықтан келген ақын Хайролла Һафиз табан тіреді. 

Тартысқа толы болған өнерлілер бәсекесі ақсақалдар көңілінен шығып, келешекте жиі өткізіліп отырса екен деген ниет білдірді.

Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓