Еуропаға экспортталады
Федоров ауданында сапасы жоғары, экологиялық таза зығыр майы өндіріледі. Жергілікті зауыттан шыққан өнім шетелдерге экспортталады. Күнбағыс майымен салыстырғанда, зығыр майының адам денсаулығына пайдасы мол. Ол қандағы холестерин көлемін азайтып, жүрек талма ауруларының алдын алады. Сол себепті бұл өнім ішкі және сыртқы нарықта үлкен сұранысқа ие. Жергілікті зауыт тек шетелдік технологиямен ғана емес, шетелдік серіктестерімен де өте тығыз қарым-қатынаста. Өлкеде өндірілетін сапалы өнім шекара сыртында үлкен сұранысқа ие. Тұрақты тұтынушылары – Ресей мен Қытай.
«Зығыр майын Еуропа елдері көп тұтынады. Сондықтан, біздің өнімдердің 99 проценті сол жаққа экспортталады. ,-дейді компанияның құрылтайшысы Владимир Заверуха.Ауданда зығыр майын жергілікті тұрғындарға таратып, танымал ету мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылып келеді. Өсімдік майын өндіретін зауыт халықаралық стандартқа сай – органикалық өнім шығаратын кәсіпорын ретінде сертификатталған.