Полиатлоннан жүлделі оралды
Қыркүйек айының 23 мен 27 аралығында Көкшетау қаласында полиатлоннан Қазақстан Республикасының біріншілігі өтті. Сонымен бірге әр елдін алпауыттары қатысқан әлем чемпионаты да қатарлас ұйымдастырылды. Қостанай және ел намысын қорғап барған жерлесіміз Айбек Байділдинов айтулы бәсекеден жүлделі оралды. Кербез Көкшенің баурайында өткен көпсайыста Айбек Қазақстанның екінші үздік спортшысы атанды. Ал әлемнің үшінші мықтысы екенін дәлелдеді. Енді қостанайлық полиотлоншы жігіт Мәскеудегі байрақты бәсекеде Қазақстан үшін тер төгетін болады. Осы уақытқа дейін топ жарып келген спортшымыз әлемдік спорт аренасында ел намысын алғаш қорғайын деп отырған жоқ. Бұған дейін де төрткүл дүниені мойындатқан болатын.
Айбек ҚМУ-нің студенті. Алғаш спортқа баулыған әкесі болатын. Айбек өңірде кенжелеп қалған бұл спорт түрін дамытуды армандайды. Қостанайда қолайлы спорт кешендері болмаса да, еңбекпен толыққан талантының арқасында талайларды таң қалдырып келеді. Таяуда әлем чемпионатына аттанатын спортшы тыңғылықты дайындық үстінде. Бос уақыты бола бермейтінін айтып, міндетті түрде жүлдемен оралатынына сөз берді.

Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ
Құтты болсын! молодец!