Кел, бірік – шақырады сенбілік
Қостанай қаласы әкімдігі тұрғындарды сенбілікке шығуға шақырды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл – жыл сайын көктем мезгілінде қаланы қоқыстан тазарту, абаттандыру мақсатында өтетін екі айлық науқан.
"Осыған байланысты, барлық қостанайлықты: барлық саладағы кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың ұжымдарын; көп қабатты және жеке тұрғын үй тұрғындарын өздеріне тиесілі аумақты тазарту экологиялық шарасына жұмылуға шақырамыз. Өз қаласын сүйетін барлық қостанайлықты 22 сәуірде сағат 14.30-да жалпықалалық санитарлық тазалық күніне белсенді қатысуға үндейміз. Одан ары, көзделген нәтижеге қол жеткен соң оны сол күйінде сақтау үшін дәстүрлі "таза бейсенбі" шаралары үздіксіз жүрзіліп тұрады", – делінеді хабарламада.