Жол қозғалысы өзгереді

Қостанай ауданы мен облыс орталығының әкімшіліктері үлкен көпірдегі жөндеу жұмыстарына байланысты, жол қозғалыстарына өзгеріс енгібзек. Бұл туралы Қостанай ауданының әкімі Тәуба Исабаев айтты.
Қала мен ауылдағы көлік қозғалысы көп жолдарда қосымша аялдамалар мен бағдаршамдар орнатылады. Бірақ, нақты қай жерлерде екені әзірге белгісіз. Мәселе қаралуда. Аудан басшысы шенеуніктердің қоғамдық көліктер мен басқа да темір тұлпарларға жөндеу кезіндегі  уақытша қолданысқа берілетін жол-картасын сызуда екенін баяндады. 
3654-Біз бұл мәселелерді жан-жақты қарастырудамыз. Аудан мен қаланы КЖБИ және КСК шағын аудандарындағы көпір ғана байланыстыратын болады. Қала басшылығымен ақылдасудамыз әзірше. Қостанайда қосымша бағдаршамдар іске қосылады. Қозғалысқа еркіндік беріп, кептелістер болмас үшін. Сондай-ақ Қостанай ауданында да біршама өзгерістер орын алады. Жыл аяғына дейін баспасөз қызметіне өз жауабымызды беретін боламыз,-дейді Тәуба Исабаев.
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓