Көмілген киіктер саны 40 мыңнан асты

Жұма күні аймақтық прокуратурада журналистермен өткен баспасөз жиынында осындай дерек айтылды. Бұл сан 21 мамырдағы есеп бойынша алынып отыр. Облыстық прокуратураның 1-басқарма бастығы Асқар Сыздықов тек бейсенбі күні 12,5 мың ақбөкен көмілген деді:
– 21 мамырдағы есеп бойынша 40183 киік көмілді. Әзірге олардың неден қырылып жатқаны жөнінде нақты мәлімет жарияланған жоқ. Ал сараптама 7-10 күннің аралығында жүргізіледі. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жануарлардың өлгені туралы Аманкелді АІІБ сотқа дейінгі тергеу бірыңғай реестріне енгізілген.DSCN3290
Бұған дейін ақбөкендер қырылып жатқан орыннан ғарыш кемесіне тиесілі шар тәріздес заттың табылып, оның сараптамаға жөнелтілгені туралы ел арасында қаңқу сөз айтылып келген болатын. Біздің осы сауалымызды прокуратура өкілдері растап отыр. Дегенмен оның қайда зерттеуге әкетілгені белгісіз.OLYMPUS DIGITAL CAMERA
– Шар тәріздес заттың диаметрі 60 сантиметр. Ол құлаған жерді Аманкелді аудандық тұтынушылар құқығын қорғау мекемесі тексеріп, топырақ, шөп, ауа сынамалары алынды, – деді Асқар Сыздықов.
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ
 
 
  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓