Кримогендік жағдай мәз емес
Денисов. Өңірде кримогендік жағдай 17,5 пайызға артты. Аудан прокуроры мұны жыл басынан бері енген жаңа тіркеу тәртібімен түсіндіреді. Әсіресе, Перелески ауылында өзгенің мүлкін тонау қылмысы өршіп тұр. Бұл ауылда өткен жылдың қараша айынан осы жылдың мамыр айына дейін учаскелік инспектор бекітілмей, қараусыз қалған.Осыған орай Денисов ауданының прокуратурасы АІІБ басшысының атына аталған кемшіліктерді жою туралы ықпал ету актісін жолдады. Заң бұзушылыққа жол берген 2 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды.