Браконьерлік тарихқа кесірін тигізеді
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының аумағындағы апатты жағдайлардың бірі, 2015 жылдың мамыр айында сирек кездесетін, «Қызыл кітапқа» енгізілген жануар, киіктің жаппай қырылуы болып отыр. Дәлірек айтсақ, сол кезде 130 мыңға жуық киік өлген.
Бұрынғы кезде қазақ елінде киікке аңшылық етуге тиым салынған. Ырым бойынша кімде-кім сайын дала сұлуларын өлтірсе, соның барлық тұқымына қарғысы тиетін болады. Осы сөздер ертеден үздіксіз айтылып келеді. Ақсақалдар бүгінгі күнге дейін қазақ елінің «Киіксіз дала – қалыңдықсыз тоймен тең» деген байырғы данагөйлігін сақтауды жалғастырып отыр.
Осыған қарамастан, көптеген қаскөй пиғылдар ырымға сенбейді, сонымен қатар, жануарлар әлеміне қайтарылатын залалдың сыртында оларға тағы түрме мерзімі, яғни, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 339 бабы бойынша: «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз алу, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау немесе жою, сол сияқты олардың мекендейтiн жерлерін жою – үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады».
Осы сияқты, «Ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға 2020 жылға дейін тыйым салуды енгізу туралы»Жаңа Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 шілдедегі № 969 Қаулысы, сонымен қатар, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзумен келтірілген зиянды өтеу мөлшерін бекіту туралы» ЖаңартылғанҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 қыркүйектегі N 1140 қаулысына сәйкес киіктің әрбір басы 200 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
«Қазақстан Республикасының 2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджеті туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Заңының 11 бабы 4 тармағына сәйкес, Жаңартылған 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 1 982 теңге мөлшерінде белгіленген.
1 бас киіктің мүйізін кесу арқылы заңсыз аңшылық жасағаны үшін мемлекетке 396 400 теңге айыппұл төленеді.
Осы сәтті пайдалана отырып, облыс тұрғындарының назарына, егерде сіз өлі киіктің мүрдесін тапқан болсаңыз, мүйізін кеспей, тез арада полиция бөлімшесіне хабарлаңыз. Сізге киіктерге қатысты орын алған, не болмаса орын алғалы жатқан қылмыс туралы мәлім болған жағдайда 102 кезекші бөліміне телефон шалуды сұраймыз.
Жангелдин аудандық прокуратурасының аға прокуроры Мейрамгүл ҚОЗБАҚ