«Қарты бар ел – қазыналы ел»

«Қарты бардың – жұрты бар». Бұл бағзыдан қалған баба сөзі. Жұрты қазыналы қартын сыйлап, қамқорлық көрсетсе, әрине, нұр үстіне нұр!
БҰҰ-ның шешімімен 1990 жылы қазан айының 1 жұлдызы халықаралық қарттар күні деп жарияланды. Міне, содан бері бұл атаулы мереке жыл сайын әр елде әрқалай аталып өтуде.

IMG_5005

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы-стратегиялы саясатының арқасында қазір әр ауыл, аудан қалаларда қарттарға қамқорлық, ізеттілік көрсету игі шаралары жандана түсуде. Соның бір көрінісі облыс орталығында да салтанатты түрде ұйымдастырылды. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов «Ата» қоғамдық қорының қарттарға арналып арнайы жайылған дастарханында болып, игі іс шарасына қатысып, ыстық ықыласын білдірді.

IMG_4994

– Бұл мерекенің мағынасы – қарияға қамқорлық, көмек көрсету. Ізет пен сый-құрмет сияқты құндылығы тереңде. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен еліміздің түкпір-түкпірінде дәл осы сипатта игі шаралар өткізілуде. Бұған мұрындық болған «Ата» қоғамдық қорына алғысымды білдіремін,- деп Архимед Бегежанұлы асқа жиналған қариялар қауымын құттықтап, Елбасының тапсырмасына сәйкес елімізде, облыста ардагерлер үшін жасалып жатқан қайырлы жұмыстарды баяндады.

«Қарты бар ел – қазыналы ел» екендігін алға тарта сөйлеген өңір басшысы соғыс және тың еңбеккерлерінің келер ұрпақ үшін көрсеткен ерен еңбегі ешқашан ескерусіз қалмайтынын жеткізді.
IMG_4996
IMG_5019Нұрболат МЕШІТБАЕВ
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓