Ашық есік күні өтті

Бір қатарға тізілген сап. Жекпе-жек өнерін меңгерген өрендер. Кеудесінде Отанға деген патриот сезімі бар өр мінез сарбаздар. Міне, осының бәрі облыстық ІІД оқу орталығында өткен ашық есік күні қарсыңында орын алған көріністер. Полиция курсанттары басшылар мен ата-аналарының алдында меңгерген білімдері мен қабілеттерін ортаға салды.
66 слушателей через месяц пополнят ряды полицейских области
Курсанттардың таңнан кешке дейінгі жаттығу кестесі темірдей тәртіппен жүргізіледі. Оқу-жаттығу, спорттық, ұрыс шаралары, өзіндік дайындықтың бәрі де осының ішіне кіреді. Жиналған ата-аналар мен курсанттардың жақындары болашақ полицейлердің ішкі өмірімен танысты – асхана, оқу кабинеттері, кезекші бөлімі, кітапхана назардан тыс қалған жоқ. Облыстық ІІД оқу орталығының   бөлім   бастығы       Е.Әкімжанов ашық есік күнінің негізгі мақсаты да – ата-аналарды балаларының жай-күйімен таныстыру дейді. 
Показательные выступления
Шара барысында спортта жеткен жетістіктері үшін марапатталғандар да болды. Олардың қатарында М.Ғабдулов пен А.Ковалев бар. Айта кету керек, енді бір айдан кейін ІІД 66 тыңдаушысы ант қабылдап, кіші сержант шенін алатын болады. Олар инспектор-кинолог, жедел уәкіл, кавалерист, уақытша қамау изоляторы қызметкері, әмбебап полицейлердің қатарын толықтырмақ.

 

 

Шұға   ҚОҢҚАБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓