Кітапқұмар жандар бас қосты
Қарабалық ауданында жастар Орталығының бастамасы және «Қарабалық еріктілерінің» ат салысуымен «Мәдениетті Қарабалық» жобасы өткізілді.
Жоба аясында «Freebook – Еркін кітап» атты іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты – ғаламтор мен элкектронды әлемнен бір сәт алшақтап, кітап беттерін ақтарып, рухани дүниені байыту. Бұдан алар пайда көп. Адам кітап оқып, зерде мен зейініңді байытып, өзіңе тың ақпараттар алып, ойлау қабілетін шыңдап, тілдік қорын кеңейтері анық.
Орталық саябақтағы үстел үстінен кез келген кітапқұмар өзіне ұнаған кітабын оқуға болады. Оған ешкім сізден құн сұрамайды да. Тек орнына басқа кітап әкеліп қойсаңыз, жарағаны. Жұртшылықты ұйыта білген игі іс-шарада жастар да, егде тартқан кісілер де бой көрсетті. Әлемдік классикалар мен жергілікті жазушылардың шығармалары да болды. Көрмеге қазақ, орыс тілінде де кітаптар қойылды. Түрлі жанрларды қамтыған авторлардың еңбегі оқырман көңілінен шықты.
(сурет "Айна" газетінің сайтынан алынды)