Бастапқы жарнасыз беріледі

Несие 4 пайыздық жылдық мөлшерлемемен, бастапқы жарнасыз жеті жыл мерзімге беріледі. «Жасыл Даму» шотындағы 100 млрд теңге жеңілдетілген автонесие беруге бағытталатын болады. Несиенің жылдық мөлшерлемесі – 4 пайыз, бастапқы жарна талап етілмейді. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды "Айқын" тілшісі.
Склярдың айтуынша, «Жасыл Даму» шотындағы 200 млрд теңге халықтың игілігіне жұмсалуы тиіс. Сол себепті, оның жартысын, яғни 100 млрд теңгесін қазақстандықтарға жеңілдетілген автонесие беруге жұмсау туралы шешім қабылданған
«Несие 4 пайыздық жылдық мөлшерлемемен, бастапқы жарнасыз жеті жыл мерзімге беріледі. Қазіргі жеңілдетілген бағдарлама бойынша жеті жылға беріліп жатқан несиенің бастапқы жарнасының көлемі 20 пайызға, жылдық мөлшерлемесі 4 пайызға тең еді», – дейді ол.
Бұл бағдарламамен еліміздің 71 мың азаматы несиеге көлік алу мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ Роман Скляр 30 млрд теңге автобустық паркті жаңартуға бағытталатынын атап өтті.
«30 млрд теңгені автобустық паркті жаңартуға бағыттаймыз. Бұл қажеттілік бұрыннан бар, бірақ оны жүзеге асыруда қиындықтар жоқ емес. Тасымалдаушылар үшін белгілі бір пайыздық мөлшерлемесі бар автобус сатып алу тиімсіз. Сондықтан тасымалдаушыларға бұл автобустарды 7 жыл мерзімге нөлдік мөлшерлемемен сату туралы шешім қабылданды», – дейді Премьер-министрдің бірінші орынбасары.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓