Көшелерге асфальт төселуде

– Апыр-ай, көшелер неге жыл сайын қайтадан жөнделе береді? – Е, біздің өңір солтүстік аймақ. Қыстың қақаған аязына асфальттар шыдамай, жарылып, ойылады емес пе? Амалсыз жолдың шұңқырын жамап-жасқамағанда қайтпекпіз, – деп таңырқаушыға мамандар осылайша жауап беріп жатады.
IMG_0394IMG_0378
Айтсын, айтпасын, мамандардың сөзі дұрыс. Өткен жылдың өзінде қаншама көшенің асфальты жаңартылды десеңізші. Атқарылған істер сапасыз емес. Дегенмен, аязды күндері асфальттар жарылмай тұрмайды. Қазір жол құрылысын қалпына келтіру қолға алынуда. Игі іске бюджеттен бір миллиард 263 миллион теңге бөлінді. Мұнша қаржы 6,57 шақырым жолды жөндеуге жұмсалады. Атап айтқанда, соның ішінде жолдарды қайта қалпына келтіруге бір миллиард 057 миллион теңге кетеді. Негізінде, оқырманға қай көшелерде жұмыстар атқарылатынын білу қызық. Тәптіштеп баяндау орынды болар. Сонымен, жол құрылысы жұмыстарымен Баймағанбетов, Гагарин мен Орджоникидзе көшелерінің аралығы, Герцен (Киев-Курганская) көшесі, Чехов көшесінің Таран мен О.Досжанов көшесіне дейінгі тұсы, Железнодорожная көшесінің Гоголь мен О.Досжанов көшесіне дейінгі аралықтар қамтылады. Жөндеу жұмыстары ішінде орташа түрі де бар. Бұған бюджеттен қаралған ақша құны – 177 миллион теңге. Жұмыс көлемі – 50562,66 шаршы метр. Қамтылатын көшелер саны – тоғыз. Бұлар – Гоголь (Абай даңғылы – Набережная) көшесі,Таран (Баймағанбетов – Бородин), Стройтель (Уральская – Черныйшевский), Рудненская (Черныйшевский – Гвардейский), Қайырбеков (Көбеев – Киев), Орджоникидзе (Баймағанбетов – Қайырбеков) көшелері. Айта кету керек, жоғарыда аталған қаржылар толық жетпейді. Станционный (Жуков көшесінен "Нагорная канава " атанған бұрылысқа дейін), Урожайная (Герцен – Қайырбеков ) көшесі және "Солтүстік " тұр-мыстық қалдықтар төгілетін орынға дейінгі жолдарды да жөндеу керек. Міндеттеме ауқымы кең. Соларды жүзеге асыруға қосымша ақша қажет. Оның құны – 236 миллион теңге. Өткен жылмен салыстырғанда орташа жөндеуге жиырма сегіз миллион теңге жұмсалыпты. Былтыр Мәуленов көшесі жаңа технологиямен жөнделді. Алайда, сенім ақталмады. 8440 шаршы метр алқапқа жасалған жұмыс сапасыз болды. Көктемдегі қар суымен асфальт бетон шайылып кетті. Жұмыс істеген мердігерлік ұйымға орын алған оқиға туралы хабарланды. Олардан кемшілікті түзеу талап етілуде. Ағымды жөндеулер (шұңқырларды тегістеу) 46827,17 шаршы метр жерді қамтиды. Былтыр мұндай алқапқа 335 миллион теңге бөлінгентін. Биылғы қаржы соның жартысындай ғана.
Ермекбай ХАСЕНОВ
СУРЕТТЕРДЕ: Таран көше-сінде жол жөндеу жұмыстары.
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓