Менің Арқалығым

Менің  ардақты  қалам  – Арқалық  қаласы.   Менің   кішкентай  кезімде  Торғай  облысының  орталығы  болыпты. Қазіргі таңда Қостанай  облысына  жатады. Тұрғындарының  саны  2006 жылы  42000-ға  жетіпті. Қаланың  өз аумағында тұратын 26000 адам деседі. Ата-анамның, үлкен кісілердің айтуынша  1997-2003  жылдар  аралығында қала  халқы  көп  қиындық көрген. Бірақ бұл жағдай  Қазақстанның өзге өңірлерінде де болған.  Бұрын өзге ұлт өкілдері көп болған. Қазір қала  халқының  сексен  пайызы  қазақтанды. Қазақша мектептер, балабақшалар ашылды. Жаңадан тұрғын үйлер салынды.  Көптеген  жаңа  ғимараттар бой  көтерді.  Жұмыс орындары   ашылып,  халықтың  жағдайы  да  жақсарған.  Мен  оқитын Торғай аграрлық-техникалық  колледжі  де  жақсы   сақталған. Арқалықты  жастар қаласы деп  те  айтуға болады. Біздің   қаламызда студенттер өте көп. Мерекелерде  арнайы алаңда концерттік бағдарламалар болады, осындай бағдарлама би кешімен   жалғасады.   Жастар тұратын жатақханалар да  өте  тамаша. Барлық жағдай жасалған. Бағасы  да   қымбат емес. Өнер адамдары да көп.  Біздің колледжде өнер адамдарымен кездесулер  өткізіліп тұрады. Ұстаздарымыз  Арқалықтың көркейгеніне қуанады. Менің тобымдағы жолдастарым да Арқалық гүлденгеніне  өте қуанышты. Мұражайда, кітапханада,   Әнуар  Боранбаев  атындағы  мәдениет  үйінде   жастар үшін жақсы  мәдени  шаралар  жиі  өтіп  тұрады. Осылардың барлығын көріп Арқалығым арайланып құлпыра түссе екен деп армандаймын.
Қабден  Саян, 
Торғай  аграрлық-техникалық  колледжі студенті.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓