Мал базары ашылса ғой…

Алдымен "Біздің мұқтажымыз қандай?" деген айдарға тоқталайық. Бүгінгі тіршілікке көз сала отырып, "Ауадай қажет мәселе туындады ма?" деп ойланбай тұра алмайсың. Жаңа айдардың мақсаты осы сауал төңірегінде болмақ..
мал-базары
Сырлас досым ағынан жарылды. Алыста тұратын жақын туысы телефон соғып, отбасымен қонаққа келетінін хабарлапты. – Үйіне мейман келсе, шаттанып, қуанатын қазақтың баласы емеспін бе? Туысымның есігімді ашуға пейіл білдіргеніне риза болдым. Жұбайыммен ақылдасып, қой союға қамдандым, – дейді досым. Сонан абыр-сабыр бола қа-лады. Қала базарында еттің қандайы да табылар-ау. Семіз мар-қа сойса, несі артық. Еті үлбіреп пісетін марқа ауылдарда табылар-ау. Ауылға зымырап жетіп баратын автокөлік қайда? – Қостанайда мал базары жұмыс істесе деп армандадым, – дейді әңгімесін өрбіткен жігіт. Оның айтқаны ойыма қона қалды. Шынында да, мал базарын неге ашпасқа? Демалыс, мереке күндері ауылдықтар малын алып келсе. Қала халқы базарға жапырлап барып, соятын малын таңдаса ғой. Сонда үйдің иесі де, қонақ та риза болар еді. Қариялармен сұхбаттасып, сыр тарттым. Олар Кеңес Одағы уақытында мал базары "Нариман" шағын ауданында жұмыс істегенін естеріне алды. Түліктің түр-түрін қатар тізгенде тұтынушылар мәре-сәре күй кешеді екен. Аяқ астынан сап еткен қо-наққа базардан марқаны да, семіз қойды да алуға мүмкіндік туатыны анық. Міне, оқырман қауым, еске алына бермейтін мәселенің бірі осындай. Сіз бұған қандай уәж айтар едіңіз?
Ермекбай ХАСЕНОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓