Ясминге есту қабілетін сыйлаңыз
Қостанай қаласының тұрғыны Индира Қабенова қайырымды жандардан көмек сұрайды. Оның Ясмин есімді 5 айлық қызы туғаннан естімейді. Алайда дәрігерлер сәбиге көмектесуге болатынын айтқан, дейді alau.kz тілшісі.
Ясминге қойылған диагноз – құлақ дамуының туабітті екіжақты аномалиясы, екіжақты атрезия, микротия. Анасы Индираға бөбегінің мүгедек екендігі туралы анықтама берілген.
"Мен қызымның есту қабілетіне ие болу үшін барлық күшімді саламын. Әртүрлі клиникаларға хаттар жолдадым. Солардың бірі көмектесе алатындықтарын айтып, үлкен үміт сыйлап қойды. Балам 3 жасқа толғаннан кейін ота жасауға болады екен", – дейді И.Қабенова.
(Суреттер alau.kz порталынан алынды)