Қоржынға үш ұпай салды
ҚР Ұлттық чемпионатының Премьер-Лига командалары арасындағы кездесулер көкжиекке таяп келеді. 27-ші турда Көкшетаудың «Оқжетпесіне» қонаққа барған «Тобыл» футболшылары ойламаған жерден үш ұпай олжалап оралды. Матчтың 23-ші минутында алаң иелері есеп ашқан болатын.
Мирас Төлеев соққан допқа 44 минутта Томаш Шимкович жауап қатты. Қос қарсылас арасындағы алғашқы тайм сөйтіп 1:1 есебімен аяқталған. Екінші тайм басталғанда жерлестеріміз ойын тізгінін өз қолдарына алды. 56-шы минутта тағы да Томаш Шимкович ұрымтал сәтті өз пайдасына пайдаланып, есепті еселеуге мүмкіндік алды. Қорытынды есеп 1:2. Маңызды үш ұпайға қол жеткізген «Тобыл» 23 ұпаймен екінші алтылықтың көшін бастады.
Енді қостанайлық команда 3 қазан күні Қарағандының «Шахтеріне» қарсы ойнайды.
Әлібек ЫБЫРАЙ