Ұлық мейрам – Құрбан айт

Халқымыздың сан ғасырдан бергі саналы ғұмырында рухани тірек болған асыл дініміздегі ұлық мейрам – Құрбан айт мерекесі. Бүгін барша мұсылмандар айтулы мерекені қарсы алуда. Марал Ишан мешітінде жиналған жұртшылыққа имамдар уағыз айтып, Ислам дінінің асыл қасиеттері баяндалды.

IMG_2709

Сонымен қатар, құрбан шалудың шарттары мен шығу тарихынан және шариғат амалдарынан сыр шертілді. Ағайын арасын жақындастыра түсіп, кешірім мен мейірім жауған күні Қостанайда Жаратқанның нұры жаңбыр да жауып тұрды. Алайда, берік сенімді мұсылман бауырлар мешіттің ішін де, сыртын да лық толтырды.IMG_2777
IMG_2714
Қостанайлықтарды ұлық мейраммен құттықтау үшін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов келді. Өз сөзіңде өңір басшысы дініміздің тарихына тоқтап, ыстық лебізін білдірді.

IMG_2720

 

Артынша уәжіп етілген айт намазы оқылды. Ақ ниет тілектер айтылып, мұсылмандар төс қағыстырып, бір-бірін құттықтады.

IMG_2755

Құрбан айт құтты болсын, ағайын!

 
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓