Лисаковта жаңа құрылғы

Лисаков қаласының "Мирас" медицина орталығы жоғары деңгейдегі, сапалы томографиялық жабдықты алдыртып орнатты. Облыс орталығындағы мұндай құрылғының қызметі адам басына 15 мың теңгеден кем түспейді. Ал Лисаковтағы жабдыққа бір көрініп – тексерілу құны 12 мың теңге.

map132-1

Жергілікті тұрғындарға бұл жасалған үлкен жеңілдік жағдай болып отыр. Енді қала тұрғындары мен көрші елді мекендердегі адамдар облыс орталығындағы ауруханаға барып сарылып кезек күтіп, алтын уақытын тауыспайтын болды. Бұл аппарат Қостанай облысы бойынша ерекше болып табылады. Жалпы облыс көлемінде бар болғаны 4 МРТ құрылғысы бар, олардың барлығыда Қостанай қаласында. Алайда жоғарғы технологиялық көрсеткіштері бойынша мұндай томограф елімізде екеу ғана.

Галим Садыков:
Лисаков қалалық "Мирас" медицина орталығының бас дәрігері:
"Біз бұл аппарат жайлы 5 жылдан бері армандап келдік. Халық банктен 29 несие алып, транштарға бөлдік. Әрине өте қымбат. Мұндай аппараттың жаңасын сатып алу үшін 1.5 млн. доллар керек. Біз қайта қалпына келтірілген құрылғыны сатып алдық, алайда өте жақсы қалыпта"

Сонымен бірге "Мирас" МО мемлекеттенде көмек алған. Банкке несие бойынша сыйақы мөлшерінің жарты бөлігін «Даму» қоры төлейтін болады. Тексерулерді Астана қаласынан келген тәжірибелі рентгенолог маман жүргізеді. Тексерілуден өту құны 12 мың тг. Зейнеткерлер мен мүгедектерге 11 мың. Бұл бағалар Қостанай қаласымен салыстырғанда арзандау.

Жанар Тлеубергенова:
Рентгенолог
"Бұл аппарат адамның бүкіл дене құрылысын 1 мм арқылы көруге мүмкіндік береді. Бұл ең ұсақ кесінділер. Ота жасамай ақ, томография арқылы бүкіл ағзаларды тексеруге болады"

Аппарат дүйсенбіден, өз жұмысын бастайды. Тәңертенгі сағат 8 ден кешкі 10 дейін. Бір күн ішінде 25 адамға дейін қабылдауға болады. Дәрігерлер Александр Буравцовтың бас миын бір сағатқа дейін тексерді. Бұл еркісі үнемі басы ауратындығын айтады. Оның себебі, дер кезінде емделмеген гайморит болып шықты.

Александр Буравцов:
"Жүгіртпе жолдан хабарландыруды көрдім. Тексеруден өтейін деп шештім. Дәрігерлер барлығын мұқият тексеріп шықты, енді әрі қарай емделуім керек. Бұдан былай томографиядан өту үшін басқа қалаларға барудың да қажеті жоқ

МРТ адамның барлық ағзаларын нақты көріп шығуға мүмкіндік береді. Әсіресе омыртқа, ми, бұлшық еттерді. Магнитті-резонансты томография қауіпсіз талдау әдісі болып саналады, себебі бұл жерде күлгінді сәулелер жоқ

Дархан Аяпбергенов. Лисаков қалалық "Акцент" телеарнасының тілшісі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓