Қостанай облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Қостанай облысында 27 ақпанда сағат 20:40-та ауа райының құбылуына байланысты (желдің күшеюі, боран, жаңбыр, көктайғақ) жүк және жолаушылар көліктерінің қозғалысына республикалық маңызы бар мына автожолдарда тыйым салынады:
1. М-36 "РФ шекарасы (Екатеринбург) – Алматы" 555-686 шақырым(Тобыл қаласынан Сарыкөл ауылына дейін);
2. А-21 "Мамлютка-Қостанай" 250-404 шақырым (Ұзынкөл ауылынан Тобыл қаласына дейін);
3. Р-36 "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған", 7-108 шақырым (Тобыл қаласынан Әулиекөл ауылына дейін);
4. А-22 "Қарабұтақ-Комсомольский-Денисов-Рудный-Қостанай", 386-503 шақырым ( Денисов ауылынан Рудный қаласына дейін).