Жаңа жүйенің артықшылығы көп
Қостанайға Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов жұмыс сапарымен келіп, облыс орталығындағы бірқатар нысандарды аралады.
Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбеновтың қатысуымен арнайы кеңесте мемлекеттік органдардың өкілдеріне Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің негізгі нормалары бойынша түсініктемелер берілді.
"Жаңа кодекс бойынша мемлекеттік қызметшілерге үлкен жауапкершілік артылады. «Мемлекеттік қызметшінің кінәлілік презумпциясы» ұғымы енгізіледі. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған азаматтардың өтініштерін жедел және тиімді қарауды көздейтін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың маңыздылығын атап өту қажет. Өтініштер енгізілетін «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы қаралатын болады. Ол арқылы Сіздің өтінішіңіз қай кезеңде екенін қадағалауға, мемлекеттік қызметшілердің жұмысын мониторингілеуге болады. Бұл бірегей ақпараттық жүйе, оның аналогтары жоқ", – деді Әсет Тұрысов.
Вице-министр «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығының №1 филиалына барып, «е-Өтініш» жүйесі мен «Нәтиже» азаматтарды қабылдау орталығының жұмыстарын көрді.
Сонымен қатар, вице-министр Қостанай қаласы әкімдігінің «109» ахуал орталығының және «Qostanay komek alany» фронт-кеңсесінің жұмысымен танысты.
Сонымен қатар, вице-министр Қостанай қаласы әкімдігінің «109» ахуал орталығының және «Qostanay komek alany» фронт-кеңсесінің жұмысымен танысты.