Сервистік қызметтің ауқымы кең

Бухгалтерлік қызмет – облыстық кәсіпкерлерді қолдау орталығының көмегіне жүгінетін бизнес өкілдері үшін тартырмайтын мүмкіндік.  Мұндай мәліметті өңірдің кәсіпкерлер Палатасы жария етті. Мәселен, маусым айынан бері кәсіпкерлерді қолдау орталықтарына өтініш білдірген 1300 адамның тең жартысына жуығы бухгалтерлік қызметтің көмегіне мұқтаж екендіктерін айтқан.

сервисная поддержка

     -Көбінесе салық есеп қисабын әзірлеуді және жолдауды өтінген мәселелер жиі алдан шығады. Әсіресе, тоқсан аяғында, келушілердің саны ұлғаяды. Өйткені, уақытылы салық төлемегені үшін мемлекеттік органдар әкімшілік жазаға тартуы мүмкін.Сондықтан, кәсіпкерлердің келесі бір толқынын біздер қазан-қараша айларында қабылдауға әзірміз,-дейді облыстық кәсіпкерлер Палатасының жанындағы сервистік көмектің эксперті Ләйла Ақтаева.
      Жақында Федоров ауданында консалтингтік компанияның өкілдері елу шақты жеке кәсіпкерге  1С бухгалтерия бағдарламасын орнатып беріпті.Палата кеңесшілері жергілікті бизнесмендерге онымен қалай жұмыс істеу керектігін үйреткен.
     -Бұл ауыл кәсіпкерлері үшін шынында да үлкен сыйлық болды,-дейді эксперт,-Өйткені, оның лицензиялық бағдарламасының өзі қымбат тұрады, ал сегізінші нұсқасы тіпті алдағы бірнеше жылдарға дейін жарамды. Жалпы, бұл бағдарламаның жұмыс ережелері жиі ауыстырылып отырады. Дегенмен, одан шошынудың қажеті жоқ. Біздің мамандарымыз барлық жаңашылықтарды тәптіштеп түсіндіріп береді.
      Кәсіпкерлер Палатасындағылар мұндай сервистік қызметтің тегін көрсетілетіндігін айтты.Оның үстіне бухгалтерлік қызметтен өзге-маркетинг пен менеджменттік, ақпараттық технология , мемлекеттік сатып алулар мен кедендік жүйе қызметтері де барынша қолжетімді.
       Қостанайда мұндай қолдау кәсіпкерлерге қызмет Орталықтарында ( Әл-Фараби 116 және 65 үй)  көрсетіледі. Ал аудандар мен қалаларда кәсіпкерлерді қолдау орталықтары жұмыс істейді. Алыс ауылдарға арнайы кесте бойынша мобильдік қолдау орталығының  автобустары жүретіндігін естеріңізге сала кетейік.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓