Спортшылар марапатқа кенелді
Конституция қарсаңында облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов өңір спортына өлшеусіз үлес қосып жүрген бір топ спортшы мен жаттықтырушыларды марапаттады.-Деншынықтыру және спорт еліміздің әлеуметтік саясатының ажырмас бөлігі.Салауатты өмір және спортпен белсенді түрде айналысу еліміздің азаматтық қоғамына барған сайын дамыта түсуде. Біздің облыс та заман ағымынан қалған емес. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында бірқатар шара жүзеге асты. Спорт кешендері, жүзу басейіндері салынды. Бүгінде облыс тұрғындарының 36 проценттен астамы спортпен шұғылданады. Бұл шамамен 300 мың адам. Біздің спортшыларымыз халықаралық ареналарда облыс, ел намысын лайықты қорғап, жүлделі орындардан көрініп жүр. Биылдың өзінде қостанайлық жасөспірімдер Азия, әлем чемпионаттарында сәтті өнер көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілді.,-деді облыс әкімінің орынбасары салтанатты рәсім барысында.Спорт күні қарсаңында "Құрметті спорт қызметкері" төсбелгісімен грек-рим күресінен Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Азияның жеті дүркін чемпионы, Әлем Кубогының жеңімпазы Сергей Матвиенко марапатталды. Сондай-ақ, пауэрлифтинг мектебінің жаттықтырушысы, елімізге еңбегі сіңген спорт шебері Игорь Шилов, коньки спортының жаттықтырушысы Валентина Филипова ла осындай атаққа ие болды. Бір топ жаттықтырушы "Қазақстан спорты мен денешынықтыруға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды. Олардың арасында тоғызқұмалақтан жоғарғы санаттағы жаттықтырушы , Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Батыржан Әбілбеков, облыстық велеспорт федерациясының президенті Александр Бородин , т.б бапкерлер бар. Бір топ жаттықтырушы ҚР спорт және туризм министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.Мереке қарсаңында дүниежүзілік додаларда ел намысын қолдан бермеген саңлақ спортшыларға да ақшалай сертификаттар табыс етілді… Толығырақ газетіміздің келесі сандарынан оқи алласыздар.
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.