Өндіріс ошағын іске қосты

Федоров ауданында Ербол Байдәулетов есімді жас кәсіпкер  құрылысқа қажетті пеноблок шығаратын өндірісті іске қосты.  Ол бұған «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы мен кәсіпкерлер палатасының көмегі арқасында қол жеткізді. Алынған 1,5 млн.теңге несиені  Ербол Байдәулетов құрылыс өнімдерін шығаратын қондырғы мен шикізат сатып алуға жұмсаған. Кәсіпкер өз кәсібінің жанданатынына сенімді.

пеноблоки

        -Тапсырысты ұзақ күткен жоқпын. Шағын цехым жұмыс істей бастағалы монша құрылысын бастаған ауылдасым 200 пеноблок сатып алды. Ол материалдың сапасы мен бағасына өз ризашылығын білдірді. Бұл мен үшін үлкен қуаныш. Мәселен, жергілікті осындай өнімдер 200 теңге тұрса, қалада бір кірпіш 400 теңгеге сатылады,-дейді Е.Бәйдәулетов.-Қазір барынша жергілікті кәсіпкерлерге мүмкіндіктер беру керек. Мұндай тауарларды басқа жақтан іздеп шарқ ұрғанша, әркім өзі тұрған жерден сатып алса өте тиімді емес пе?! Алдағы уақытта бір мезетте 200 пеноблок шығаратын формалар сатып алуды жоспарлап отырмын.
      Кәсіпкерге облыстық кәсіпкерлер Палатасының аудандық өкілдігі жәрдемдесіпті. Кеңесшілер бизнес-жоспар құрысып, несие алуға қажетті құжаттарды әзірлеуге көмектескен. Арнайы курста кәсіпкерлік білімін жетілдіруге қол ұшын беруі де құптарлық іс.
     -Негізі, о баста  кәсіптің бұл түрімен айналысу туралы ой болған жоқ. Жазға салым курсқа жазылғанмын, ал маусым айында мемлекеттің көмегін алдым. Құжат жинауда да ешқандай кедергі болған емес, кәсіпкерлер Палатасының мамандары ақыл-кеңестерін аяған жоқ,-дейді шеберхана меңгерушісі.
     Айта кету керек, жыл басынан бері  қалалар мен аудандардағы кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында тегін қызмет көрсету кешені ұсынылып келеді. Онда мемлекеттің қолдауы туралы, бизнесті қалау бастау қажеттігі, қаржылық институттарымен жұмыс істеудің тәсілдері, ең ақыр аяғы қалай несие алуға болатындығы жөнінде кеңестер беріледі. Сондай-ақ, кәсіпкерлер Палатасы жаңа іс бастаған кәсіпкерлер үшін «Бизнес-мектеп» жобасын қолға алғанын айта кеткен жөн.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ
                             

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓