Әлеуметтің әлеуетін көтерген бағдарлама
Лисаков қаласында бағдарламаның жемісін көріп отырғандар жетерлік. Республика көлемінде қарқын алған бағдарламаның Лисаков қаласында орындалуы өзге аудан-қалаларға қарағанда көш ілгері. Жыл басынан бері бағдарламаның үшінші бағыты сәтті іске асуда. Биыл да республикалық қазынадан қомақты қаржы бөлініп, жұмыссыз жандардың алғашқы легі қайта даярлау курстарын бастап та кетті. Лисаков қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Алтынай Кенжеғұлова мемлекеттік бағдарламаның жергілікті жерде қалай жүзеге асырылып отырғанын айтып берді.
– Жыл басынан бері орталыққа "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" бағдарламасы бойынша 83 адам өтініш жасаған болса, олардың 37 пайызы нәзік жандар, 35 пайызы 29 жасқа дейінгі жастар, 40 пайызы жұмыссыздар, 28 пайызы өзін-өзі жұмыспен қамтушылар. Нысаналы топтарға жататын адамдар үшін әлеумет-тік жұмыс орындары құрылған, 24 адам жұмысқа орналастырылды. Жоғары және орта кәсіптік оқу орындарын бітірген жастар үшін жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында "Жастар тәжірибесі" ұйымдастырылып келеді. Жастар осы жұмыстарға белсенді қатысады. 6 жас түлек жыл басынан бері "Жастар тәжірибесі" бойынша жұ-мысқа орналасты, – дейді басшы.
Жұмыссыздар қайта даярлау және біліктілікті арттыру тегін кәсіптік даярлау курстарына да жолданады. Биылғы жылдың басынан бері аталған бағдарламаның 20 қатысушысы Лисаков техникалық колледжінде минералогиялық талдау лаборанты, болат және темірбетондық құрылыстар монтажшысы, газ-электр дәнекерлеушісі мамандықтары бойынша үш айлық тегін қайта даярлау курстарына жіберілді. Жұмыссыздар қатарынан алынған 4 қатысушы бухгалтер, электр газ дәнекерлеуші, электр механик мамандықтары бойынша біліктіліктерін арт-тыруда. Соның бірі – Вячеслав Штейнбах. Ол Қостанай құрылыс-техникалық колледжінде газ-электр дәнекерлеуші мамандығы бойынша бір айлық курс-тан білімін жетілдірді. Қазір №2 орта мектептің құрылыс жұмысында дәнекерлеуші болып жұмыс істейді. – Шыны керек, біраз уақыт жұмыс таба алмай қиналдым. Әртүрлі маусымдық жұмыстарды істедім. Осы бағдарламаның іске асырылып жатқанын естіп, жұмыспен қамту орталығына жұмыс сұрап бардым. Олар мені газ-электр дәнекерлеуші мамандығы бойынша біліктілігімді арттыруға Қостанай қаласына жіберді. Табысым да жақсы. Қазір темірлерді дәнекерлеу ісімен айналысамын, – дейді Вячеслав Штейнбах. – 1 қыркүйектен бастап 5 қатысушыны 10 ай мерзімге кәсіптік оқуға жіберу жоспарланған. Өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап 10 ай мерзіміне кәсіптік даярлауға жібе-рілген 15 қатысушы маусым айында оқуды бітіреді, оқу процесінің ережелерін бұзуына байланысты 1 қатысушы оқудан шығарылды. Оқуды бітіргеннен кейін оларды жұмысқа орналастыру үшін "Өркен" ЖШС, КБКБ Қоржынкөл КБ, "Рудный Казмеханомонтаж" ЖШС, "АСЭЖ-БИЛД" ЖШС кәсіпорындарымен әлеуметтік келісім жүргізілуде.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ