Елбасы тапсырмасы – күн тәртібінде

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру шеңберінде Рудный индустриялық институтында дөңгелек үстел өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Қазақстан экономикасының индустриялық-инновациялық дамуына білікті кадрларды даярлау және білім беру саласында институционалдық реформаларды жүргізу болды.
Шараға институттың корпоративті серіктестері, қалалық білім бөлімі мен білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері қатысты.IMG_0640
«ССКӨБ» АҚ Кадрлар бөлімінің бастығы Дмитрий Гусак, Рудный тау-кен технология колледжі директорының орынбасары Юлия Якубовская, қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Елена Костомарова мен институт ғалымдары өз баяндамаларында өндірісті сауатты әрі білікті мамандармен қамтамасыз ету жүйесін құру үшін қандай қадамдарға бару керектігін атап өтті. Жиынға қатысушылардың айтуынша, маманның сапалы болуының алғышарттары мектептегі білімнен басталады. Яғни мектеп, колледж, ЖОО мен өндірістің арасындағы байланысты ұштастырып, жаңа деңгейге көтеру – уақыт талабы. Сондай-ақ спикерлер энергетика бағытындағы мамандарды даярлауда Қазақстан өнеркәсібіндегі инновациялық және ақпараттық технологиялардың қарыштап дамуы ескерілсе деген тілек білдірді.
Айта кетерлігі, бүгінде Рудный қаласындағы колледждер мен жалғыз ЖОО-нын бітірген түлектер қаламыз бен еліміздің еңбек нарығында зор сұранысқа ие. Бұл осы уақытқа дейін атқарылған қыруар жұмыстардың нәтижесі. Дөңгелек үстелге жиналғандар әлемдегі экономикалық жағдайға қарамастан «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» қолға алынған жұмыстарды әрі қарай жалғастыра береміз деген уағдаластыққа келді.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓