Қалаға жаңа әкім тағайындалды
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың өкімімен Қостанай қаласының әкімі болып Базыл Шамұханұлы Жақыпов тағайындалды.
Б. Ш. Жақыпов – 1965 жылы 5 қаңтарда туған. Қазақ. Целиноград ауылшаруашылық институтының агрономия факультетін (1991) ғалым-агроном мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы Алматы экономика және статистика институтының экономика және қаржы факультетін қаржыгер мамандығы бойынша тәмамдаған. 2008 жылы Қостанай қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Ал 2009 жылы Меңдіқара ауданының әкімі болды. Осыған дейін Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып қызмет істеді.
Қала активінің алдында жаңа басшыны таныстырған А.Мұхамбетов оған бірқатар жаңа тапсырмалар жүктеді.
Өз кезегінде Базыл Жақыпов өзіне үлкен сенім артқан өңір басшысына рахметін айтып, жүктелген міндеттерді абыройлы атқаруға күш салатындығын айтты.
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ