Құрылыстың қарқыны көңіл қуантады
Облыс аумағында әлеуметтік сала нысандары жоспар бойынша салынып, мерзімінде пайдалануға берілуде. Дер кезінде іске қосылған жобалардың қатарында Қостанай қаласының солтүстік-батыс ауданында ашылған мемлекеттік тілде оқытатын мектеп бар. Өзге де жаңа нысандар туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Валентина Эпова журналистермен кездесуде айтты.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша биылғы жылы үш дәрігерлік амбулатория іске қосылды. Жаңа нысандар Федоров ауданындағы Пешков ауылында, Меңдіқара ауданындағы Первомайский ауылында және Ұзынкөл ауданының Пресногорьков ауылында орналасқан. Алдағы желтоқсан айында Қостанай қаласында салынып жатқан облыстық онкологиялық диспансер пайдалануға беріледі. Диспансер 300 орынға шақталған. Жобаның жалпы сметалық құны 2,4 млрд.теңгені құрайды. Сонымен қатар Затобол ауылында 250 орынға арналған аудандық емхана салынады. Қазіргі уақытта «Аскос+» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшарт жасалып, жобалық сметалық құжаттар дайындалып жатыр.
Білім беру саласында да жаңа нысандар ел игілігіне берілуде. Бұл бағытта екі мектеп пен үш балабақшаның құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлінген болатын. Нәтижесінде биылғы 19 қыркүйекте Қостанай қаласында мемлекеттік тілде білім беретін орта мектеп ашылды. Ал келесі жылы Рудный қаласына қарасты Перцов ауылында 150 орынға арналған жаңа мектеп салынады. Жоспарда тұрған үш балабақшаның екеуі Лисаков қаласында салынып, 2016 жылы іске қосылады. Үшіншісі Қостанай қаласында Ғ.Қайырбеков көшесінде орналасқан. Оның құрылысы былтыр басталғанымен, нысан келесі жылы дайын болмақ.
Облыста спорт саласын дамытуға ерекше мән беріліп келеді. Қостанайдың климаты қысқы спортқа сұранып-ақ тұр. Сондықтан облыс орталығында шаңғы базасының құрылысын бастау жоспарда бар. Қаладағы теннис орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Құрылыс жұмыстары 95%-ға орындалды.
– Тенис орталығы биыл ашылады. Қазір ұсақ-түйек жұмыстар ған ақалды. Алдағы 5 қазанда жұмыс комиссиясы ғимараттың сапасын тексереді. Мердігер компания нысанның құрылысын келісімшартта көрсетілген мерзімде тапсыруы керек. Егер құрылыс жұмыстары уақытында бітпесе сотқа шағымданып, айыппұл саламыз,-деді Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы Валентина Эпова.
Қостанай қаласының Челябинск көшесінде орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысы да биыл аяқталады. Орталық автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәлігін беру сияқты қызметтерді ұсынады. Қазіргі уапқытта құрылыс жұмыстары 95%-ға аяқталған.
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша берілетін тұрғын үйлердің құрылысы тоқтамайды. Бірақ, жаңа баспаналарды салу бюджеттен бөлінетін қаржыға байланысты. Қаржыландыру мәселесі шешімін тапса, алдағы жылдары Қостанайдағы Наурыз шағынауданында жаңа тұрғын үйлердің құрылысы басталуы мүмкін.

Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.