“Еңбек Даңқ кітабы” Арқалық қаласына жол тартты

Облысымыздың 80 жылдық мерейтойына арналаған “Қостанай облысының Еңбек Даңқы кітабына” еңбек ардагерлерінің еңбектерін енгізу және “Данң кітабын” Арқалық қаласына тапсыру рәсімі Жангелдин ауданында өтті.IMG_0428
Салтанатты рәсімге Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы, профессор Жанділдә Мақанов, облыстық кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің төрайымы Балбөпе Иртаева, облыс әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова, “Костанайские новости” газетінің директор – бас редакторы, академик, Қостанай облысының құрметті азаматы Сергей Харченко, Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Есламбек Мәметеков, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кәти Ақан сынды мәртебелі меймандар келді.
Аталмыш рәсім басталмас бұрын ауданымызға келген меймандар еліміздің тарихи деректерімен танысу үшін Шақшақ Жәнібек  Ы.Алтынсарин, Ә.Жангелдин атындағы мұражайларын аралады. Сонымен қатар орталық алаңда жастардың мерекелік “флеш-моб биін” тамашалады.IMG_0373
Торғай жерінен шыққан еңбек ерлерінің рөлдерін сомдаған мәдениет үйінің театр әртістері құрметті қонақтар мен еңбек озаттарын қарсы алып, ұлттық тағамдардан дәм ұсынды.
Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде “Қостанай облысының Еңбек Даңқы кітабы” эстафетасы жалғасын тапты. Алғашқы болып сөз алған аудан әкімі Асқарбек Кенжеғарин барлық қонақтар мен аудан тұрғындарын мерейлі мерекемен құттықтап, кеңес үкіметі кезінде кетпенмен жер жыртып, өгізбен шығар тарқан еңбек ардагерлерінің есімдерін зор қуанышпен жеткізді.
Қостанай облысы әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Гүлжан Ермашқызы ықпал еңбек жасаған тұлғалардың еңбек ерліктерін есте сақтап, ұрпақтан – ұрпаққа жалғастыру керектігін, осы жобаны жүзеге асыруға мемлекеттік мұрағаттар белсендік танытып жатқандығын, еңбек сіңірген ардагерлер мен құрметті атаққа ие болған азаматтар жайлы деректердің  негізгі бөлігі облыстық мұрағат  қорларында орналасқандығын тілге тиек етті. Аумақтық бірлестіктің төрайымы Балбөпе Ғалымжанқызы жүрек – жарды ақ тілегін бір шумақ жыр жолдарымен жеткізіп, аудан жұртшылығының мерейін бір көтеріп тастады.
“Киелі Торғай жерінің халқы кең пейіл, дархан, жомарт деп көп естейтінмін. Оның сыртында қазыналы қарттары бар шежірелі өлке екендігін де жақсы білемін. Елі көңілге бай болса, жері тарихқа бай екен. Себебі тарихи мұражайларды аралағанда осы елдің тағылымды тарихи деректерінен көптеген мағұлұматтар алдым. Сонда барып іштей ойландым… Менің білгенімнен білмейтінім көп екендігіне көзім жетті. Келер ұрпаққа үлгі боларлық істерді осы киелі мекеннен үйренуге болады”, – деді академик Сергей Васильевич.IMG_0463
Аудандық мәслихаттың депутаты, “Құрмет орденінің иегері”, “Сыма –К” шаруа қожалығының жетекшісі Манат Карбозов “Еңбек түбі – берке” ел үшін еңбек етіп, халқың үшін тер төксең еңбегің еш кетпейді. Керсінше адал еңбектің берекеті берекелі болады. Сондықтан кейінгі жас буын өкілдері еңбек қоғамына бейімделсе елдің бірлігі артады. Мен өзім ауданымыздың әлеуметтік – экономикасының өркендеуіне үлес қосамын деп сенім білдірді.
Аудан басшысы Асқарбек Ахметбекұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетұлы “Еңбек Даңқ кітабын” Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Есламбек Жеңісұлы мен ардагерлер кеңесінің төрағасы Кәти Шәріпұлына салатанатты түрде тапсырды.IMG_0410
Кеш соңында аудандық мәдениет үйі мен өнер мектебінің өнерпаздары мерекелік ән-шашуларын  тарту етті. Дәл осындай игілікті іс келер жылы біздің ауданда да өз жалғасын таппақ.
 
                                                             Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
                                                                  Жанкелдин ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓