16 тонна қара металл тәркіленді

Қостанай шекара отрядына қарасты «Қайрақ» (автокөліктік) шекаралық бақылау бөлімшесінің әскери қызметшілері заң бұзушыны ұстады.кайрак
Шекарашылар Қазақстаннан Ресейдің Челябі қаласына бет алған «КамАЗ» жүк көлігін тексерген. Нәтижесінде, 37 жастағы жерлесіміздің заңсыз әрекеті әшкере болды. Шекара сақшыларының құрығына түскен азамат  көрші елге 16 тонна қара металды өткізбек болған.
Аталмыш дерек бойынша жергілікті құқық қорғау органдары ақпараттандырылды..
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓